Басты бет/ Қазақ өнерінің белгілері мен нышандары / Материалдың нышандық мазмұны (қолөнер, қолданбалы өнер) /Көктас/Лазурит
Артқа

Көктас/Лазурит

 

 

Көктас – аспан түсті тас, ең алдымен өзінің түсі –  Тәңірдің түсі үшін ерекше құрметке ие болған. Археологиялық деректер оның кеңінен қолданылуын куәландырады: ол сырға, білезік, белдік, кеуде және мойын әшекейлері және т. б., ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған бұйымдарды бедерлеуде қолданылған. Түркі-моңғол халықтарының көне тарихын зерттейтін мамандар оны ауқатты адамдар немесе ерекше мәртебеге ие – бақсылар, емшілер, т. б. тағатын «беделді мәртебелі тас» деп атайды. Ол қымбат және сирек кездесетін тас саналған.

 

Түркі және басқа мәдениеттерде көктас игілікті, қорғаныс, сондай-ақ құнарлылық қызметімен байланысты болды. Мысырда, Вавилонда және Ассирияда лазурит асыл тас болып саналды, одан жасалған бұйымдар салт-дәстүрлік мәдениетте және қасиетті құрылымдарды безендіруде кеңінен қолданылды. Ежелгі мысырлықтар бұл минералды «аспан ұлы» деп атады, оны басты құдай Амон-Рамен байланыстырды және оның көмегімен құдайлармен байланыс орнатуға болады деп сенді.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.